Елімізде 206 шақырым канал реконструкцияланды

72

Қазақстанда жыл басынан бері реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында 206,19 шақырым канал жаңартылды. Жыл соңына дейін 900 шақырымнан астам каналды реконструкциялау және жаңғырту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жыл соңына дейін 142 ауылдық елді мекенді қамтитын 12 сумен жабдықтау жобасын пайдалануға беру көзделген. Жобалар шамамен 540 мың адамды ауызсумен қамтиды.

↗️Ал 2025 жылы 321 елді мекенде сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 22 жоба аяқталды. Бұл жұмыстар 1 миллионға жуық адамды қамтыды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.