«Жоғары баға алуға көмектесемін»: Ақтауда студенттердің сеніміне кіріп, ақша жымқырған алаяқ сотталды

5
Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, істі болған азамат Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
Алаяқ студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденген. Алайда уәде еткен міндеттемелерін орындамай, алынған қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.
«2026 жылғы 24 маусымдағы Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. алаяқтық (Қылмыстық кодексінің 190-бабы) қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.
Leave A Reply

Your email address will not be published.