Алматыда 70 жастағы зейнеткер бесінші қабаттан құлап көз жұмды (ВИДЕО)

65

Алматы ПД
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күндіз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 70 жастағы әйел құлап кеткен. Ол алған жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болғаны белгілі.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде және қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.

Қайғылы жағдайдың нақты себебі тергеу барысында анықталады. Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/284775-almatyda-70-zastagy-zeinetker-besinsi-qabattan-qulap-koz-zumdy-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.