Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев әйелдерді де ерлермен бірдей мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесін қайта көтерді.
Оның пікірінше, Отан қорғау – Конституцияда көрсетілген әр азаматтың міндеті, сондықтан бұл талап жынысына қарай бөлінбеуі керек.
Қазір елімізде 18–27 жас аралығындағы ер азаматтар ғана міндетті әскери қызметке шақырылады. Ал әйелдер әскери салада тек ерікті түрде келісімшарт негізінде қызмет етеді.
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРДІ ӘСКЕРГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ШАҚЫРУ ҰСЫНЫЛДЫ
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев әйелдерді де ерлермен бірдей мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесін қайта көтерді.
Оның пікірінше, Отан қорғау – Конституцияда көрсетілген әр азаматтың міндеті, сондықтан бұл талап жынысына қарай бөлінбеуі керек.
Қазір елімізде 18–27 жас аралығындағы ер азаматтар ғана міндетті әскери қызметке шақырылады. Ал әйелдер әскери салада тек ерікті түрде келісімшарт негізінде қызмет етеді.
Сарапшылар қазіргі армияда тек физикалық дайындық емес, киберқауіпсіздік, барлау, жоғары технологиялар және заманауи қару-жарақты меңгерген мамандардың да маңызды екенін айтады. Осыған байланысты әйелдердің әскердегі рөлін кеңейту мәселесі қоғамда қайта талқылана бастады.
Сіз бұл бастаманы қолдайсыз ба? Пікіріңізді жазыңыз.