Президент тапсырмалары: Жамбыл облысында әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары басты назарда

77
➤ Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Жиында инвестиция тарту, әлеуметтік мәселелерді шешу, инфрақұрылымды дамыту және халықпен тиімді кері байланыс орнатуға басымдық берілді.
➤ Облыс әкімі жауапты тұлғаларға әлеуметтік нысандардың құрылысын уақытылы аяқтауды, газдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
➤ Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, қаңтар–мамыр айларында облыстың қысқа мерзімді экономикалық өсімі 115,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 405,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,2 пайызға   артты.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 254,4 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл бүкіл республикалық көлемнің төрттен біріне жуық. Жалпы бес айдың қорытындысымен осы көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы республикада бірінші орынға шықты.
➤ Сонымен қатар тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беріп, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.