Байзақ ауданында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды

91

Бүгін Байзақ ауданы әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және бұқаралық спортты дамыту мәселелері қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес алғашқы болып «Байзақ Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы баяндама жасады. Ол аудан тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Баяндама барысында су құбыры желілерінің қазіргі жағдайы, жаз мезгілінде су тұтынудың артуына байланысты туындайтын мәселелерді шешу жолдары және алдағы кезеңге жоспарланған жаңғырту жобалары кеңінен сөз болды.

Келесі кезекте Бәйтерек және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің әкімдері өз аумақтарындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал бойынша есеп берді. Олар тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің шешілу барысы, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ішкі көшелерді жөндеу мен жарықтандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол екі күн бұрын Байзақ ауданында өткен ауқымды спорттық іс-шараның қорытындысын таныстырып, тұрғындарды спортпен тұрақты айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Кеңес қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырып, көтерілген мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

фото: ашық дерек
Leave A Reply

Your email address will not be published.