Бірлік – әралуандылықта

30

Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Бірлік – әралуандылықта» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шараны Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі өткізді. Оған этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қатысты. Сонымен қатар №19 орта мектептің 8–9 сынып оқушылары арнайы шақырылып, олар іс-шараға қызығушылықпен қатысты.
Ашық есік күні бірлестік төрайымы Мұхабат Турдыеваның құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде ел бірлігінің маңыздылығына тоқталып, жастарды татулық пен келісімді сақтауға шақырды.
Іс-шара барысында қонақтарға мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Алдымен көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева танымдық экскурсия жүргізіп, қатысушыларға Достық үйінің тарихы мен қызметі, сондай-ақ ұйғыр этномәдени бірлестігінің жұмысы туралы кеңінен мәлімет берді.
Бағдарламаның маңызды бөлігі – ашық диалог алаңы болды. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде қатысушылар түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қытай орталығының төрайымы Галина Воробьёва, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Хамида Турдыева, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Турсунмагомед Касимов, Аналар кеңесінің төрайымы Хайриниса Ахметова және Ассамблея ардагері, «Елім-ай» Достық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Полина Ким сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында мектеп оқушыларына арнап дәмді тағамдар ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Тағылымды иын өзара түсіністік пен татулықты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен келісімнің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.