«Уақытша табыс»: Саясат Нұрбек қазақстандықтардан курьерліктен бас тартуын сұрады

53
Фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық жастардың жоғары немесе кәсіби білім алудың өте маңызды екенін айтты. Ол уақытша жұмыстарға ұмтылмау керек деп кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қазір платформалық жұмыспен қамту феномені қалыптасып қойған. Мұндай платформалар көптеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Кей деректер бойынша, Қазақстанда 700 мыңнан астам адам осындай платформалық жұмыспен айналысады.

“Менің жастарға ғана емес, барлық азаматтарға шын жүректен айтар кеңесім –бұл тек уақытша жұмыс түрі. Биылдың өзінде бірнеше қазақстандық компаниялар автопилот жүйелерін іске қоспақ. Бірнеше жылдың ішінде, менің ойымша, тіпті курьерлер де қажет болмай қалады”, – дейді министр.

Ол сондай-ақ Қазақстанда жаңа бой көтерген Алатау қаласы дамып жатқанын айтты.

«Онда “төмен биіктік экономикасы” іске қосылады. Дрондар арқылы жеткізу – бұл енді ғылыми фантастика емес, бұл жақын болашақта жүзеге асады. Яғни, курьерлердің өзін де бірнеше жыл ішінде алмастырады. Сондықтан негізгі мамандық алып, сол салада өз құзыреттерін дамыту әлдеқайда дұрыс. Иә, қазір курьерлер мен такси жүргізушілері платформалар арқылы жұмыс істеп, жақсы табыс тауып, өз табысын өздері реттей алады. Күніне 10 немесе 50 тапсырыс жеткізеді. Бірақ мұның бәрі денсаулық пен күшке байланысты. Бірақ бұл қысқа мерзімді табыс”, – деп кеңес берді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, мұның бәрі жақында автоматтандырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.