Шымкент соты әкесінен мүгедек баласының еміне қаражат өндірді

44

istockphoto.com
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А-ның жауапкер К-ға қатысты кәмелетке толмаған баласына алименттерді тұрақты ақшалай сомада өндіру, баланың емделуіне байланысты қосымша шығындарды өндіру, сондай-ақ 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде жұмсалған емдеу шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, тараптар 2017 жылдан 2018 жылға дейін некеде тұрған. Ортақ кәмелетке толмаған балалары бар – 2018 жылы туған Р.

Мүгедектік туралы анықтамаға сәйкес, балаға 2025 жылдан 2030 жылға дейін 2-топтағы мүгедектік белгіленген.

Медициналық қорытындыларға сәйкес, бала тұрақты түрде түзету мен емдеуді қажет етеді. Ол ерекше назар мен күтімді, үздіксіз ем қабылдауды және емдік рәсімдерді алуды, сонымен қатар, бала 18 жасқа дейін түзету емін қажет етеді, емдеу құны 200 000 теңгені құрайды.

Ұсынылған түбіртектер мен төлем құжаттарынан талап қоюшының баланы емдеуге жұмсаған шығындары расталады.

Сондай-ақ, жауапкер К.-ның Kaspi Gold шоты бойынша 2025 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңде 4 млн теңгеден астам қаражаттың түскені анықталған.

Анықталған мән-жайларды және кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, сот талапты ішінара қанағаттандырды және жауапкерден талапкердің пайдасына:

— кәмелетке толмаған Р.-дың емделуіне байланысты қосымша шығындар – 15 АЕК мөлшерінде;

-кәмелетке толмаған Р.-ды асырауға алименттер – кәмелетке толғанға дейін ай сайын 15 АЕК мөлшерінде тұрақты ақшалай сомада өндірілді.

Сонымен қатар, жауапкерден 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде кәмелетке толмаған баланың емделуіне жұмсалған 932 825 теңге көлеміндегі шығындар өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279857-symkent-soty-akesinen-mugedek-balasynyn-emine-qarazat-ondirdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.