Алматы облысында ер адам 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған

53

istockphoto

Алматы облысында ер адам 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған: 12 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Алматы облысында ер адам 3 кг сынапты 100 млн теңгеге заңсыз сатпақ болды, деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Оны облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен қолға түсірді. Операцияға облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті де қатысқан.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сынап буы адамды ауыр улануға әкеп соғады. Жүйке жүйе зақымданып, денеде және қоршаған ортада жиналып, ұзақ уақытқа дейін зиян келтіруі мүмкін.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279627-almaty-oblysynda-er-adam-3-keli-synapty-100-mln-tengege-satpaq-bolgan

Leave A Reply

Your email address will not be published.