«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы ұйымдастырылды

30

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде  «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды.

​Шарада мерзімі аяқталуы бойынша босаған азаматқа кеңестер беріліп, құжаттамалық көмек көрсетілді. Айталық, бостандыққа шыққан соң мекенжайы бойынша Еңбек биржасына есепке тұрып, жұмысқа орналасу, денсаулық жағдайын қалпына келтіру, біржолғы көмек алу жөнінде бағыт-бағдар берілді. Тұрғылықты жеріңде емханаға тіркелуі керек екені де айтылды.

Жиын соңында азаматқа түзеу мекемесінен босап шыққан соң заң бұзбауы жөненде ескертіліп, қалыпты өмірге оралуына жәрдем берілетіні жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.