Бүгінде Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Шаһардың даму жоспарында бұл мәселеге ерекше мән берілген.
Соңғы үш жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 58,6 пайыздан 74,5 пайызға дейін артты. Сәйкесінше, асфальт жабындысы төселмеген көшелердің үлесі 41,4 пайыздан 25,5 пайызға дейін төмендеді.
Бұл бағыттағы жобалар биыл да өз жалғасын табуда. Ағымдағы жылы жалпы 104 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде жалпы ұзындығы 49,5 шақырымды құрайтын 56 көшені қамтитын 17 жоба қолдау тапты. Жобалар аясында көше жолдары, тротуарлар және арық жүйелері де жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 3,7 миллиард теңге қарастырылған.
Қазіргі таңда жоспарға сәйкес ұзындығы 34,7 шақырымды құрайтын 15 жоба шеңберінде 42 көшеге және ұзындығы 14,8 шақырым болатын 2 жоба аясында 14 көшенің тротуарларына асфальт қабаты төселіп жатыр. Сонымен қатар 2025 жылы басталған Рысбек батыр, Қойгелді және Асқаров көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары да жалғастырылуда.
Сонымен қатар, шаһар аумағында 2 700 дана жол белгісін орнату, 16 бағдаршамды жаңарту, 800 метр жасанды кедергілер қою, 140 000 шаршы метр жол таңбаларын (разметка) сызу жоспарланған. Сондай-ақ, Абай даңғылындағы бағдаршамдарды жаңартып, оларды жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосу көзделуде.
Жалпы, қазіргі таңда Тараз қаласында 1 715 көше жолы бар. Оның ішінде 1 222-сі асфальтталған көшелер болса, 493-і шағал тас жолдар. Қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы 2 214,5 шақырымды құрайды, оның 1 494,7 шақырымы асфальт жолдар, ал 719,8 шақырымы шағал жолдарға тиесілі.
———————————————————————
В Таразе продолжаются активные работы по ремонту дорожной инфраструктуры. Данное направление остаётся одним из приоритетов в развитии города.
За последние три года благодаря проведённым работам доля дорог в удовлетворительном состоянии увеличилась с 58,6% до 74,5%. В то же время показатель улиц без асфальтового покрытия сократился с 41,4% до 25,5%.
В текущем году реализация дорожных проектов продолжается. Запланирован ремонт на 104 улицах. В рамках 17 поддержанных проектов будет охвачено 56 улиц общей протяжённостью 49,5 км. Работы включают обновление дорожного полотна, тротуаров и арычной системы. На эти цели из местного бюджета выделено 3,7 млрд тенге.
На сегодняшний день по плану реализуются 15 проектов, охватывающих 42 улицы протяжённостью 34,7 км. Кроме того, в рамках ещё 2 проектов на 14 улицах (14,8 км) ведётся асфальтирование тротуаров. Также продолжается реконструкция улиц Рысбек батыра, Койгельды и Аскарова, начатая в 2025 году.
Дополнительно предусмотрены установка 2 700 дорожных знаков, модернизация 16 светофоров, устройство 800 метров искусственных неровностей и нанесение дорожной разметки на площади 140 000 кв. м. В том числе планируется обновление светофоров на проспекте Абая с их интеграцией в Центр оперативного управления (ЦОУ).
В целом в Таразе насчитывается 1 715 улиц, из которых 1 222 имеют асфальтовое покрытие, а 493 — щебёночное. Общая протяжённость улично-дорожной сети составляет 2 214,5 км, включая 1 494,7 км асфальтированных и 719,8 км щебёночных дорог.