Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес болды

67
26 наурызда Астанадағы «Көктал» ойын-сауық орталығында жаппай төбелес орын алды.

Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Көргендерге сүйенсек, топтағы жасөспірімдер шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Астана полициясы барлық қатысушылардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да жеке басын анықтады. Барлықтары Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді, қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауды, тәрбиеге көңіл бөлуді және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін түсіндіруді ескертеді.

Malim.kz.

Фото: видеодан скрин

Leave A Reply

Your email address will not be published.