Журналист Эльмира Мырза-Ғали «Құрмет» орденінің иегері атанды

4
Мемлекет басшысының Жарлығымен журналист, халық қалаулысы, «Анаға тағзым» КММ директоры Эльмира Мырзағали «Құрмет» орденімен марапатталды.

Эльмира Иниятқызы 1980 жылы 12 қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2001-2002 жж. №45 гимназияда шешендік сөздер пәнінен мұғалім болып бастаған.

2002 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ қазақ әдебиет кафедрасында оқытушы, 2005 жылы «Қазақстан РТРК» АК ЖОФ редактор, аға редактор қызметтерін атқарған.

2006-2012 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакторы, 2012-2021 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін «Анаға тағзым» КММ директоры.

Осы ретте «Aq jol» редакциясы атынан әріптесімізді мерейлі марапатымен құттықтай отырып, толайым шығармашылық табыс тілейміз.

фото:

Жеке архивінен алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.