МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

81
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен мотивациялық кездесу өткізілді.
Кездесудің басты спикері ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Копдикбаев Болат Исаханұлы қатысты.
Кездесу барысында Болат Исаханұлы мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі модельдері мен басымдықтарын, әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы рөлі мен қызметтегі құндылықтары туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар мен мүмкіндіктерді, мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін, кәсібилігін және әділдігін арттыру жолдарын да атап өтті.
Одан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тыңдаушыларға ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.