АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

80
Жаңатас қаласы,Орталық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жеміс жидек, көкөністер өнімдері шығарылып, өнімдер нарық бағасынан 20 пайызға төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.
Азық-түлік бағалары бойынша делдалдық жұмыстарды азайту мақсатында, жәрмеңкеге Тараз қаласы мен Жуалы ауданының кәсіпкерлері (АкмолЖШС, «Көкжиек»ЖШС, «Бурный сыр зауыты» ЖШС, «Satti sut») сүзбе, сары май, сүт, айран өнімдерін, «Аса Даму» ЖШС-ы тауық жұмыртқасы, Тараз қаласынан колбаса өнімдері ЖК «Айжан» және көрші Түркістан облысынан Ордабасы құс «Дәмді ет» фабрикасының тауық еті өнімдері тұрақты түрде тікелей делдалсыз сатылымға шығарылып келеді.
Жергілікті тұрғындар төмен бағада ұсынылып отырған жәрмеңкенің халық үшін тиімділігін айтып, ризашылығын білдіруде: -Ауылшаруашылық жәрмеңкесі халық үшін аса тиімді. Әр апта сайын қажетті өнімдерді алу үшін жәрмеңкеге барып, арзан бағада сапалы өнімдерді сатып аламыз.
Осындай іске ұйытқы болып отырған аудан басшылығына алғысымызды білдіреміз, — дейді тұрғындар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.