ТӘРБИЕ ТҰТАСТЫҒЫ: ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

54


Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәрбие тұтастығы: Ел болашағының негізі» тақырыбында ата — аналар форумы өтті. Келушілер алдымен фойеде мектеп оқушыларының қолөнер көрмесі мен түрлі өнер туындыларын тамашалады. Шараға аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ардагер ұстаздар мен ата — аналар қатысты.
Тәрбие мәселесі қозғалған шарада Абылай хан мектеп- лицейінің директоры Гүлмира Өмірбекова атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мұнан соң аудан прокуратурасының аға прокуроры Ердәулет Аманбаев форумның мақсаты туралы кеңінен баяндап өтті. Қорытынды сөз сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов ұлттық тәрбиенің бала өмірінде алар орны ерекше екенін айтып, оларға бағыт — бағдар берудегі ата — аналар рөліне тоқталды. Форумда бірқатар ата — аналар бала тәрбиесіне ерекше атсалысып жүргені үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шарада Абылай хан атындағы мектеп- лицейінің педагог ұжымының өнерпаздары ұлттық тәрбие туралы көрініс қойса, мектеп ұстаздары әуелете ән шырқады. Сондай-ақ, поэзия айдарында рухты өлеңдер оқылып, форумның мәні ашылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Закон_и_Порядок

Leave A Reply

Your email address will not be published.