Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді

64

ашық дереккөзден

Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді: 23 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Даурен Есімхановқа қатысты даулы оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мәселе толықтай шешілгенін алға тартты.

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты төмендегіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Мен өз мүмкіндіктерімді жақсы бағалаймын және әрбір әрекетім үшін жауапкершілікті толық түсінемін. Сондықтан ешқандай арандатушылыққа ермеймін. Бұл мәселе толық қаралып, жабылды деп есептеймін», — деп жазды Сәпиев өзінің Instagram парақшасында.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275063-serik-sapiev-orynbasarymen-bolgan-zanzalga-qatysty-pikir-bildirdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.