«Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» бағыты бойынша психопрофилактикалық іс-шара

57

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты √25 РМ мекемесінде, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі М.Н.Каиповтың бастауымен және сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог маманымен бірлесе, мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға «Өз -өзіне қол жұмсаудың алдын алу» бағыты бойынша, психологиялық қауіпсіздікті мінез -құлықтың алдын алу мақсатында, мекемеде жүйелі профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыс шеңберінде сотталған азаматтардың жеке бас ерекшеліктерін зерделеу, психоэмоционалдық жай -күйін бағалау және суицид тәуекел деңгейін анықтау бойынша топтық тренинг және»Мандала»- адамның ішкі күйінің көрінісін анықтауға, ой мен сезімді реттеуге көмектесетін көне символдық бейне мен психологиялық медитация» Сабыр және өмір құндылығы » тақырыбында баяу әуенмен, сенімді дауыспен эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған психоағарту іс -шаралар жүргізілді.


Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті
№25 мекемесінің аға инспектор психологы, әділет майоры М.Сейдуллаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.