Моңғолияда қазақ тілінен сабақ беретін 112 педагог Астанада біліктілігін арттырды

60
Моңғолияда қазақ тілінен сабақ беретін 112 педагог Астанада біліктілігін арттырды
orleu-edu.kz
Моңғолияда қазақ тілінен сабақ беретін 112 педагог Астанада біліктілігін арттырды: 13 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары аясында гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінен сабақ беретін 112 педагогке арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бір аптаға созылған оқу бағдарламасы пән мен тілді кіріктіре оқыту (CLIL) тәсілін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды қамтыды.

Бүгін тараптар бірлескен жұмысты қорытындылау үшін бейнебайланыс арқылы бас қосып, жобаның стратегиялық маңызын өтап өтті. Кездесу барысында Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова шетелдегі қазақ диаспорасы арасында қазақ тілі, әдебиеті және мәдениетін ілгерілетудегі бұл жобаның маңызына ерекше тоқталды. Ал Баян-Өлгий аймағының Білім басқармасының басшысы Ням Очир өз сөзінде бірлескен жұмыстың жоғары әлеуетіне тоқталып, педагогтерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ ол жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу бойынша қазақстандық тәжірибемен бөліскен тренерлерге алғыс білдірді.

Біліктілікті арттыру курсынан өткен Моңғолия педагогтеріне «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының сертификаты табысталды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелде қазақ тілінде білім беретін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.