БҚО-да дәрігерге қоқан-лоққы көрсеткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

53
БҚО-да дәрігерге қоқан-лоққы көрсеткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Скриншот
БҚО-да дәрігерге қоқан-лоққы көрсеткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды: 13 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Орал тұрғыны медициналық қызметкерге шабуыл жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 11 қаңтар түнде Орал қаласындағы көпбейінді ауруханада болған.

Бейнебақылау камераларының жазбаларына қарағанда, ер адам мен медициналық қызметкерлер арасында жанжал туындады. Алдымен сөздік қақтығыс болды, кейін келуші бір қызметкерді бірнеше рет итерген. Әріптесіне көмекке аурухананың басқа қызметкерлері шұғыл келді.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шақырту аурухана қызметкерлерінен түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады және бөлімшеге жеткізді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция медициналық қызметкерлерге олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш қолдану қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.