
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады: 11 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) АТР 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.
Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында әлемнің 98-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернердің мысын басты.
Шевченко 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Табернер 1 эйспен шектелді.
Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 79-ракеткасы, аустралиялық Филип Мисоличпен сынға түседі. Оны ұтқан жағдайда негізгі додаға жолдама алады.