Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді

88
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ведомство басшысы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында адалдық қағидатын ілгерілету және адал еңбекті дәріптеу мәселелері қозғалып, жасанды интеллект дәуірінде заманауи технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы айтылды.
Сонымен қатар Агенттік төрағасы Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік басқарудың берік негізі болуы тиіс екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жазалаудан гөрі алдын алу мен жүйелі превенцияға, ағартушылыққа басымдық беру маңызды екенін жеткізді.
Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерін еңбек етуге, заң талаптарын бұлжытпай сақтауға шақырып, оларға мемлекет тарапынан ерекше сенім мен жоғары жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сондай-ақ резервшілер өздерінің атқарып жатқан жұмыстары мен жобалары туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, кездесу барысында резерв мүшелері цифрландыру, жасанды интеллект жылына орай өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, идеяларымен бөлісті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.