Саналы ұрпақ тәрбиесі – маңызды міндет

58
Бүгін облыстың білім саласы ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы болды.Отырысқа облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Н.Ә.Оршыбеков,басқарма басшысының орынбасары Ж.Б.Әтен қатысты.Басқарма басшысы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріп,кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп,ұсыныстарын тыңдады.
Облыста облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі,облыстық прокуратура мен облыстық полиция департаментімен бірлескен”Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған жол картасы”әзірленіп,бекітілген.Жол картасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құрылған 48 жұмыс тобы облыстың барлық білім беру ұйымдарына барып,80 мыңға жуық жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізген.8-11 сыныптар мен колледж студенттерінен буллинг пен бопсалаудың алдын алу мақсатында бейресми лидерлерді анықтау мақсатында сауалнамалар алған.Сауалнамаларда аты-жөндері көрсетілген 56 бейресми лидерлердің тізімдері алдын алу шараларын жүргізу үшін тиісті органдарға жіберілген.Өткен оқу жылында сынақтан өткізілген”Досбол LIKE”бағдарламасы барлық мектептерге енгізілген.Нәтижесінде мектептердің профилактикалық кеңестерінің шешімімен 594 оқушы мектепішілік есепке қойылып,олармен жұмыстар жүргізілуде екен.”109” сенім телефоны,”111” мемлекеттік байланыс орталығының жедел желісі,”Komek Stop Bulling Jambyl”телеграм каналы жұмыс жасап тұр.Олардың QR кодтары барлық мектептерде қолжетімді жерлерге орналастырылған.Түскен хабарламаларға жедел әрекет жасалып,психологиялық көмек көрсетілуде.З жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып,тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде екен.
Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген диагностиканың арқасында 3523 бала”тәуекел”тобына алынған.Баланың тәрбиесіне ең 1-ші ата-анасы жауапты десек,1786 бала сенім хатпен(2024 ж-1805),3003 бала өгей әкесі немесе өгей шешесімен тұратыны(2024 ж-2731),737 баланың әкесі немесе анасы басқа қалада жұмыс атқаратыны,142 баланың шаруа қожалықтарында,ауылдан алыстау тұратындықтарын анықтаған.Бұл әрине өз қиындықтарын тудыратын жағдай.Жалпы 9 мыңнан аса бала бақылауға алынып,жұмыстар жүргізілуде екендігін баяндай отырып,барлық білім беру ұйымдарына психологиялық қызметтің бірыңғай жылдық жоспары әзірленіп,тиісті органдармен келісіліп,бекітіліп,жолданғандығын,педагог-психологтарға арналған әдістемелік-тәжірибелік семинарлар өткізілгендігін,диагностика және сауалнама нәтижелерімен жұмыс,түзету,кеңес беру,жеке жұмыс,интерпретация әдістемесі,ата-анамен байланыс және т б мәселелер бойынша кеңестер берілгендігін,ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған арнайы жадынамалар әзірлеп,таратып,оған 9945 отбасын қамтығандығын,суицидтік қаупі бар балаларды анықтаған жағдайда іс-қимыл алгоритмін білім беру ұйымдарына жолдап,әр аптаның сәрсенбі күні вебинар-практикумдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырғандығын айтты.Білім басқармасы мен білім бөлімдерінің,білім беру ұйымдарының тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар оң нәтижесін береді деп үміттенеміз. Облыстық,Аудандық,Тараз қалалық білім бөлімдері жанынан құрылған ардагерлер кеңестерінің мүшелері өз тараптарынан білім мекемелеріне кеңес беріп,тәжірибелерімен бөлісуде.Жастардың саналы,тәрбиелі болуы үшін бірлесе жұмыс жүргізу-баршамыздың міндетіміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.