Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі түсіндірілді

47
Мойынқұм ауданында Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі талқыланды
18 қараша күні Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары М.Төлеулиев жүргізді.
Отырыста аудан бойынша мемлекеттік рәміздерді қолдану мен пайдалану жағдайына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңының талаптары тағы бір мәрте еске салынды. Аталған Заңның 13-бабына сәйкес, әрбір Қазақстан азаматы және еліміз аумағындағы әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапкершілікті күшейтті. Бұл құқық бұзушылық үшін:
• 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл (11 796 000 теңгеге дейін),
• түзеу жұмыстары,
• 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар,
• 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабына сәйкес, мемлекеттік туды, елтаңбаны, гимнді заңсыз немесе талапқа сай емес пайдалану:
• 50 АЕК айыппұлға,
• міндетті жағдайларда пайдаланбау – лауазымды тұлғаларға 50 АЕК айыппұлға,
• бір жыл ішінде қайталап жасалса – 100 АЕК айыппұлға әкеп соғады.
Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш. Оларды құрметтеу – әр азаматтың парызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.