Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Қазақстанның халық артисі, көрнекті композитор Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығына арналған «Өз тағдырын қазақ өнерімен ұштастырған композитор» атты музыкалық қобдиша өтті.
Шарада композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, «Қыз Жібек» операсынан «Толқыма» ариясы, оның өңдеуіндегі «Шолпан» халық әні және «Балбырауын» күйі орындалды.
Қатысушылар қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Брусиловскийдің рухани мұрасының маңызын атап өтті.