Әлеуметтік-психологиялық сұхбат жүргізілді

56

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің бастамасымен «Құқықтық тәртіп» режимдік бақылау бағдарламасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты √25 РМ мекемесінде, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі М.Н.Каиповтың бастауымен және сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандарымен бірлесе Мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталған азамат пен оның отбасы мүшелерімен «Кездесу бөлмесінде әлеуметтік-психологиялық сұхбат » жүргізілді.

Сұхбаттың мақсаты: Сотталған азамат пен оның туған туыстары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, эмоционалдық байланысын сақтау, және әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ сұхбат барысында отбасы мүшелерінің сотталған адамға деген көзқарасын, түсінігін, сенімін анықтап, оң қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған кеңес болып табылады. Психолог тарапынан сұхбат сенімге, құпиялыққа және ашық қарым-қатынасқа негізделіп, отбасы бірлігін сақтау мүмкіндігіне моральдық- психологиялық қолдау көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.