Бүгін Сарысу ауданының Құрметті азаматы, бесінші және алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты, бесінші шақырылған аудандық мәслихат төрағасы, ұзақ жылдар Жайылма ауылдық округінің әкімі болып, ауылдық округтің дамуына сүбелі үлес қосқан — Болатбек Дондаұлы мерейлі 75 жасқа толып отыр.\

Бүгінде ауылының қадірлі қариясына айналған еңбек ардагері жастарды өнегелі істермен айналысуға, үлгілі ұрпақ болып қалыптасуға шақырып, ауданымыздың дамуына зор еңбек сіңіруде. Өз кезегінде Болатбек Дондаұлы мерейлі жаста құттықтап келген қонақтарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Сарысу ауданы