БЕТІ ЖОҚ БАТЫР

55
Бұл ұшқыштың батырлығы мен шыдамдылығын санаулы адамдар ғана білді. Себебі, ол жазушы Борис Полевойдың «Нағыз адам туралы повесть»- кейіпкері Совет Одағының Батыры Алексей Мересевтің тасасында қалып қойды. Екі аяғын үсітіп алып өз әскеріне қосылғанмен ампутация жасап кесіп тастағанмен протезбен қайтадан ұшақ штурвалына отырғанын бәріміз мектепте оқыған болатынбыз.
Ал, Леонид Белоусовты Ленинградтың Доброблюбов даңғылындаі тұратын көршілері ғана білетін. Совет Одағының батыры ретінде оны талай журналистер ерлігіңізді халық білсін деп ұсыныс айтқанмен, сыпайы түрде бас тартып отырды. Мүмкін беті болмағасын фотоға түскісі келмеген шығар.
Лонид Белоусов 1938 жылы жау ұшағы шекарадан өтіп кеткен кезде өз истребителімен көтеріліп шекарадан асырып қуып тастайды. Қайтар кезде боран соғып өз аэродромына көз жобамен қонады. Жерге соқымен қонғандықтан өртеніп кетіп кабинадан шыға алмай жатқанда, жауынгер достары әрең алып шыққанмен басы мен беті түгел күйіп кетеді.
Госпиталда басы мен бетіне арқасындағы кесіп алған терісін тіге бастап операция 12 сағатқа созылды. Қабағы мен кірпігі түгел жанып кеткендіктен етті ол жерлеріне наркозсыз тігеді. Көзін жабатын қабағы болмағандықтан, ашып ұйықтайтын болды. Бір күні шыдамай бинтті алып тастағанда бар даусымен: Көзім көреді- енді қайтадан ұша аламын- деп айқайлап жіберді.
1941 жылы соғыс басталғанда Ленинград майданындағы Ханка аралындағы эскадрильяның командирі болып, Ленинградқа азық түлік таситын ӨМІР ЖОЛЫН әуеден қорған тұрды. Бір әуе шайқасында жау атып түсіргенде, орманға парашютпен түсіп өз аэродромына еңбектеп әрең жетеді аяғы үсіп кеткесін У-2 мен үлкен жерге жіберіп жатқанда: МЕН ОРАЛАМЫН деп қоштасады. Алайда бір аяғы тізеден төмен, екіншісі тізеден жоғары кесілгендіктен. Оны авияцияға қайта оралады деп ешкім ойлаған да жоқ. Ол үнемі жаттығумен болды. АҚШ тан протез де келді. Оны ПРЕЗИДЕНТ РУЗВЕЛЬТІҢ СЫЙЫ деп атап кетті.
Комиссияға барғанда Балтық флотының бас хирургі И. И. Джапаридзе: «Жолдас майор әуеге ұшу туралы әңгімені қозғамаңыз! Сіз І-топ мүгедегісіэ»—дегенде. Леонид комиссия отырған столға секіріп мініп жүгіріп барып балконға шығып суға секіріп кетеді. Судан жүзіп шығып екінші этажға қайтадан келіп АЛ ЕНДІ МЕНІҢ ОСЫ ІСТЕГЕНІМДІ ҚАЙСЫЛАРЫН ҚАЙТАЛАЙСЫҢДАР- дегенде, Джапаридзе медициналық картасына: ҰША БЕР ҚЫРАН-деп резолюция қояды. Ол осылайша өз эскадрилиясына қайтадан келіп 300 рет әуеге көтеріліп 9 ұшақты атып түсіреді. .Леонидтің қабағы ұйықтағанда да жабылмайтын білген ұшқыштар әзілдеп оны ҚЫРАҒЫ (зоркий) деп атап кетті.
Совет Одағының батыры Лоенид Белоусов 1998 жылы 89 жасында Санкт-Петербургта қайтыс болды.
Бақытжан Абдул-Түменбай
Тарихшы, журналист-дайджест.

Leave A Reply

Your email address will not be published.