Жамбылда облыстық «Жазғы кубок» жайдарман фестивалі жоғары деңгейде өтті

2

Жамбыл облысында жайдарман сүйер көрермендерге арналған ерекше мәдени шара – облыстық «Жазғы кубок» жайдарман фестиваль ойыны өтті. Жастардың жазғы уақытын тиімді пайдалану, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шара биыл да жоғары деңгейде өткізілді.

Фестиваль Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жайдарлы жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Ойынға өңіріміздің үздік жайдарман топтарымен қатар, өзге облыстардан да командалар арнайы шақырылды. Атап айтқанда, Абай облысынан «Қарағайлы» командасы, Қарағанды қаласынан «Тәттімбет» командасы, сондай-ақ Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынан келген 15-ке жуық команда қатысып, әзіл мен тапқырлықта өзара сайысты.  Ойын өте тартысты әрі қызықты форматта өтті. Командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен өрнектеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

 І орын – «Тараз-2004» командасы (Жамбыл облысы)

 ІІ орын – «Қарағайлы» командасы (Абай облысы)

ІІІ орын – «Боранды Жуалы» командасы (Жуалы ауданы)

Сонымен қатар, фестиваль аясында ерекше көзге түскен ойыншыға «Үздік ойыншы» атағы табысталды. Бұл марапат «Инсайд» командасының ойыншысы Қапышев Темірланға бұйырды.

Барлық жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталып, арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Мұндай шығармашылық шаралар жастар арасында патриоттық рухты арттырып, олардың өнерге, қоғамдық белсенділікке деген қызығушылығын оятады. Жайдарман – тек әзіл ғана емес, ұлт руханияты мен жаңашыл ойдың көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.