Қордай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауылдарды абаттандыру және эстетикалық келбетін арттыру мақсатында елді мекендерге кіреберіс жерлерге аркалар орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бастама аясында Сортөбе және Ауқатты ауылдарының кіреберіс тұстарында жаңа аркалар салынды. Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл нысандар ауылдардың ажарын ашып, тұрғындар мен келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Аркаларды орнату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, басқа ауылдық округтерде де іске асырылатын болады.