ЖАҢА ЗАУЫТ АЙМАҚҚА ЖАҢА ДЕМ БЕРЕДІ

86
Бүгінде Сарысу жері қазба байлықтарымен, өндіріс ошақтарымен мақтанатын кеншілер аймағы. Мұнда минералды тыңайтқыштардан бөлек көптеген қазба байлықтардың көздері табылып, игеру жұмыстары қарқын алып жатыр.
Осы орайда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров ауданымызға іссапармен келіп, «Qazaq Soda (Казах Сода)» ЖШС- нің жұмысымен танысты. Компанияның кальцийленген сода жобасының (CEO) өкілі Исмаил Джейлан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ауданымызға іргелі кәсіпорын «Qazaq Soda (Казах Сода)» ЖШС- інің өндірістік қуаты – жылына 400 мың тонна кальцийлендірілген соданы құрайды. Бүгінде құрылыстың 4 — і кезеңіне аяқ басқан компания 375 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш кезеңнің құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп күтілуде.
Мәжіліс депутаты зауыттың жұмысына оң бағасын беріп, басты мақсат шикізатты өндіруде жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін айтты.
Айта кетейік, зауыт толық іске қосылғанда еліміздің осы өнімге деген ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, шикізат қауіпсіздігі мен импортты толық алмастырудан бастап, экспортқа бағдарланған заманауи кәсіпорын құруға дейінгі көптеген мәселелерді шешеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.