Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3564-ке дейін өсті. Бұл деректі Қытайдың Орталық теледидары (CCTV)жариялады.
«Елдегі қатты жер сілкінісі салдарынан 3564 адам қаза тапты, 5012 адам жарақат алды, 210 адам хабар-ошарсыз кетті», — делінген материалда.
Жергілікті және халықаралық құтқару ұйымдары тірі қалған 653 адамды құтқарып, үйінділерден 682адамның денесін шығарды.
Мьянмадағы 7,7 және 6,4 баллдық екі жер сілкінісі 28 наурызда тіркелді. Олардың біреуінің эпицентрі Мандалай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 31 шақырым жерде болды.Табиғи апат кезінде республикада 3455адамқаза тауып,тағы4840адамжараланды.