«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті»

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” тапсырысымен «Нығмет нұры»  қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында кездесулер ұйымдастырды.

40

Сыбайлас жемқорлық, парақорлық қоғамда өткір, себептері және таңдалған тақырыптың өзектілігі анық, жаппай сипатқа ие. Кездесулерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, заңнама нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін ілгерлету жұмыстарын басшылыққа алу арқылы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға қатысушылар пікірінше жемқорлық деңгейі өте жоғары орындар: білім беру, денсаулық сақтау салалары және де мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін пайдалану фактілері де белең алып тұр деген пікірді алға тартады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық — түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу. Осы тұста тұрмыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ата-ананың бала тәрбиесінде жемқорлыққа қарсы күресте жауапкершілігі жоғары болуы керек — деп ой топшылайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бүгінгі шаралардың басты мақсаты — тұрмыстық жемқорлықпен күресті ілгерлету, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. Індетпен күресті әр азамат өзінен бастауы керек – деп ой тұжырымдалды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық туралы қажетті ақпараттармен қаруланды, көзделген мақсатқа жету үшін психологиялық жаттығулар жүргізілді.

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.