Меркіліктерге дін мен дістүрдің сабақтастығы түсіндірілді

446

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Діни экстремизм және тероризмге қарсы күрес бойынша ақпараттық – профилактикалық шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында «Адырна – Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі Меркі ауданының Ақтоған, Меркі, Жаңатоған, Аңдас батыр және Тәтті ауылдық округтерінде «Дін және дәстүр» тақырыбында ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары шаруа қожаларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге арнайы ислам танушы, теолог маман және облыстық орталық мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан Маханұлы шақырылды. Ержан Маханұлы өзінің дәрісінде діни экстремизмге және тероризмге қандай ағымдар кіретіндігін оларды біз қалай анықтай алатындығымыз туралы сөз етті. Ауыл тұрғындарын әр бір кезде сақ болуды және өзінің балаларын сондай теріс діни ағымға кіріп кетпеуін толық қадағалауды ұсынды. Ержан Маханұлы ауылдың барлық тыныс тіршілігімен танысып, ол ауылда теріс діни ағымдағы азаматтардың бар жоғын анықтады.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігіне ұйымдастырушы тарапқа өз алғыстарын білдірді.

Д.Әбдіғаппар, «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.