Көлік жүргізушілердің бірі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіпті.
«30 қарашада Жамбыл ауданында «Алматы-Бесмойнақ» тас жолының 77 шақырымында «Mersedes Benz 280» жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Ford Focus» көлігімен соқтығысқан. Сосын ВАЗ-2114 көлігіне соққан. Жол апаты салдарынан «Ford Focus» көлігінің жүргізушісі көз жұмды», – делінген хабарламада.
Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.