Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы 8 адамды бопсалаған күдікті сотталды ҚОҒАМ On Сен 14, 2024 135 Бөлісу Фото: freepik.com Соттың мәліметінше, Жаңақорған аудандық сотында “бірнеше рет жасалған қорқытып алушылық” бабымен сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. “Сотталушы Т. 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, барлығы 8 жәбірленушіден, бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен барлығы 1 950 000 теңге алып, жеке бас пайдасына жаратқан”, – делінген сот хабарламасында. Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлердің жауаптарымен, айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбамен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген. Сотталушы да өз кінәсін толық мойындады. Әріптесін интимді видеомен бопсалаған екі ақтөбелік 4 жылға сотталды Жәбірленушілерге келтірілген шығынның 1 650 000 теңгесі ішінара қайтарылған. “Жаңақорған аудандық сотының үкімімен сотталушы Т кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді”, – делінген сот үкімінде. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқаны туралы жазған едік. https://stan.kz/kizilorda-oblisinda-aleumettik-zheli-arkili-8-adamdi-bo-406275/ 135 Бөлісу