Шу аудандық жобалық офис кіші бағдарламалар аясында бірнеше жоба өткізбек

752

Шу  ауданының әкімі Қ.Досаевтың  2017 жылғы 16 маусымдағы қыркүйектегі №487 өкімімен құрамы 5 адамнан тұратын жобалық офис құрылған болатын.

Жобалық офис жетекшісі  аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов, «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша жобалық офис менеджері  Шу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің статисті Қ.Мырзақұлова, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жобалық офис менеджері  Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының директоры А.Тастанова, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша жобалық офис менеджері  Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталық кітапханасы директорының орынбасары Э.Нұртаева,  Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша жобалық офис менеджері  Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ аға инспекторы М.Атайбеков бекітілген.

Жобалық офис аудан әкімі аппаратында орналастырылып, 4 копьютермен, жұмыс телефонымен жабдықталып, интернет желісіне қосылған және  толықтай көрнекі ақпаратпен жабдықталған.

Аудандық жобалық офис тарапынан 10 жоба әзірленіп, облыстық жобалық офиске сараптама комииссиясының қарауына жолданды.  Оның ішінде  «Тәрбие және білім беру» кіші бағдарламасы аясында 5 жоба, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 3 жоба,  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 2 жоба әзірленді.

Облыстық сарапшылық комиссияның қарауына ұсынылатын реестрге 6 жоба енгізілді. Аталған жобалардың жалпы құны 49,0 млн.теңгені құрайды. Оның, 37,615 млн.теңгесі 2018 жылға көзделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.