Ардагерлер үйінде алқалы жиын өтті

504

Облыстық ардагерлер үйінде Қазақстан Республикасы Конститутциясы күніне арналған “Конститутция-ел тәуелсіздігінің тұғыры» атты “дөңгелек үстел” өтті.
Мерекеге орай өткізілген жиынды ашқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдиярбек Түсіпов көпшілікті Құрбан айт мерекесімен және келе жатқан Конститутция күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Мұнан кейін Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы Гүлнара Көшекова баяндама жасаған Қазақстанның ата Заңы тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі, қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі екенін айрықша атап өтті.

Келесі кезекте xабарлама жасаған Тараз қалалық Әділет басқармасының бөлім басшысы Шыңғыс Смайлов Бас құжаттың арқасында еліміздің іргесін бекітім, дамудың жаңа кезеңіне түскенімізді, Конституция еліміздің үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдарымыздың қайнар көзі, кәусар бұлағы екенін жеткізді. Шара барысында өзге де «дөңгелек үстелге» қатысушылар мереке орай ақжарма тілектерін арнап, еркін пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.