Мексикада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

523

Aeromexico әуе компаниясының ұшағы Мексиканың Виктория-де-Дуранго қаласы әуежайынан көтерілген сәтте апатқа ұшырады.

Штат губертаторы Дуранго Хосе Росас Аиспуроның айтуынша, жолаушылардың бәрі аман қалған.

Жергілікті БАҚ журналистерінің хабарлауынша, жолаушылардың басым бөлігі ұшақ салонынан өздігінен шыққан.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, 85 адам жарақат алған, олар жақын жердегі ауруханаларға жатқызылды.

Бортында 94 жолаушы және 4 экипаж бар Embraer E90 ұшағы «Хенераль Гвадалупе Виктория» әуежайынан ел астанасы Мехико қаласына ұшып шыққан.

Құтқарушылар жаралыларға көмек көрсетуде. Ұшақ ұшу-қону жолағынан көтеріле берген сәтте құлаған.

OMA Aeropuertos әуежайы операторы компаниясының мәлімдеуінше, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.