Ауа-райының қолайсыздығынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

134

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 өңірдегі жол учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖолға»сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Сарышаған ауылынан Бурылбайтал ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді.

Батыс Қазақстан облысында «Атырау-Орал» тасжолының Атырау облысының шекарасынан Чапаев ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.