Алматыда тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

Написано

в

Алматыда тағы бір қару жасырылған орын табылды.

Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабынан табылған. Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапқан. ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелген.

Сонымен қатар, жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалған.

Polisia.kz

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *