Жоба аясында бір азамат бостандыққа шықты

231

Жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауысуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында ЖД-158/1 мекемесінен В есімді сотталғанды шығарып салу шарасы өтті.
Бұл іс-шараның негізі міндеті – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматты жұмысқа және тұрмыстық орналастыру. Шараға жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен пробация қызметкерлері және сотталған азаматтың туыстары қатысты.

Кездесу нәтижесінде босатылушы сотталғанға айтарлықтай көмек көрсетілді. Ең алдымен, бұл азаматқа босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Одан кейін, босатылған соң жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.

Кездесу соңында мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Нұржан Кутумбетов сотталған азаматқа мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге айрықша тоқталып, сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, Н.Кутумбетов еркіндікке шыққан азаматтың ет жақындарымен туыстық қарым-қатынасты нығайтып, бостандықтағы өміріне сәттілік тіледі.

Меруерт Мыркалиева,
ЖД-158/1 мекемесінің инспекторы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.