Өткен жылды қорытындылады

266

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаевтың қатысуымен, Антикор сервистік орталығында 2020 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында, үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда. Оның ішінде, өткен жылғы желтоқсан айындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процессте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын атап өтуге болады. Осы заңдағы ең басты жаңа өзгерістер, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жою, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары қарастырылған баптарда «Құқық қорғау органының қызметкері жасаған іс-әрекет», «Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекеттер», деген біліктілік белгілері енгізілген.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең басты мақсаттарының бірі – сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау және оларды алдын алу болып табылады. Осыған орай, мемлекет тарапынан қоғамда ауқымды профилактикалық шаралар жүргізіліп, олар сыбайлас жемқорлық деректердің азаюына өз септігін тигізуде.
Статистикалық есепке жүгінетін болсақ, соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тіркелу динамикасы төмендеген.
Осылайша, 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жалпы 110 қылмыс тіркелген, ал 2019 жылы 126, яғни қылмыстарды тіркеу 12,7% төмендеген, оның ішінде:
-сыбайлас жемқорлық қылмыстары — 75 (2019 – 93, яғни -19,4% төмендеген);
-ауыр санаттағы қылмыстар – 74 (2019 – 77, яғни -3,9% төмендеген);
Есептік мерзімде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен белгіленген басым бағыттар бойынша Департаментпен төмендегі жұмыстар атқарылды.
Сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша 7 (2019 – 7), мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау бойынша 14 (2019 – 17), бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бойынша 9 (2019 – 15) дерек анықталып, жалпы 77 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Осыған қоса, облыс деңгейіндегі басшыларға қатысты 7 (2019 – 3) және қала-аудан деңгейіндегі басшыларға қатысты 7 (2019 – 12) қылмыстық істер тіркелген.
Есептік кезеңде тіркелген қылмыстық істер бойынша 771 млн. (2019 – 1,2 млрд.) теңге көлемінде залал келтірілді, оның 654 млн. теңгесі өндірілді (2019 – 930 млн. теңге). Қылмыстарды тергеу барысында 153 млн. теңгенің мүлкіне тыйым салынғанын атап өткім келеді.
Ал, сотқа жолданған қылмыстық істерге және қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға тоқталатын болсақ, 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа жолданған істердің саны 118-ден 110-ға (-6,8%) және қылмысқа тартылған тұлғалардың саны 90-нан 72-ге (-20,0%) дейін төмендеген.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің баптары бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық деректеріне талдау жүргізетін болсақ, алғашқы үштікте – парақорлық, ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді пайдаланы қылмыстары орын алуда. Атап айтқанда:
-ұрлық (ҚР ҚК-нің 189-190 б.б.) – 47 қылмыс (2019 – 52);
Өткен жылдың желтоқсан айында Шу аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 189 б. 4 б. қылмыс жасағаны үшін Шу ауданы әкімдінің орынбасары Кожагаппанова 9 жыл және білім бөлімнің бас есепшісі Агибаева 10 жыл бас бостандығынан айыру, қалған 11 есепші әр түрлі мерзімдегі шартты түрдегі жазаларға сотталған. Аталған тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 200 млн. теңгеден астам залал келтірілген.
-парақорлық (ҚР ҚК-нің 366-368 б.б.) – 40 қылмыс (2019 – 38);
Тараз қалалық №2 сотының үкімімен «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС-нің (100% мемлекет үлесі) директоры Мырзалиев ҚР ҚК-нің 366 б. 45 млн. теңге айыппұлға және «Строители Века» ЖШС-нің директоры Титоренко 367 б. 22,5 млн. теңге айыппұлға сотталған. Мырзалиев мердігер компанияға жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін аударылған ақша үшін Титоренкодан 1,5 млн. теңге көлемінде пара алған.
-лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК-нің 361 б.) – 9 қылмыс (2019 – 6);
Жоғарыда атап өткендей, қазіргі таңда мемлекет таранынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында ауықымды профилактикалық шаралар өтуде. Оның ішінде, Департаментпенде белсенді жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша, яғни ҚР ҚПК-нің 200 бабы негізінде 97 (2019 – 174) ұсынулар жолданған, оның 87 (2019 – 118) қаралып, нәтижесінде 78 (2019 – 100) лауазымды адам әр-түрлі тәртіптік жазаларға тартылды.
Осыған қоса, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бөлігінде 30 азаматқа (2019 – 29) 5,1 млн. теңге (2019 – 4,4 млн. теңге) көлемінде сыйақы төленген. Бұл Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, бұл азаматтардың біздің қызметке деген орасан сенімінің белгісі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.