Өрнекте жаңа балабақша ашылды

317

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Тұрар Рысқұлов ауданында бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі Өрнек ауылында «Қарлығаш» балабақшасы.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған балабақша 140 балаға шақталған.

Екі қабатты, жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайтын ғимарат жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне, осы заманға сай толық жабдықталған.

Өрнек ауылының тұрғындары бұл балабақшаның ашылуын көптен күткен еді. Өйткені, 2 мыңға жуық халқы бар ауылда бұға дейін балабақша мүлдем болмаған. Небәрі 70 орындық шағын орталық жұмыс істеген.

Сәулетті ғимараттың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары қатысты. Жиналғандардың қуанышымен ауданы әкімі Ерболат Садырқұлов бөлісіп, аудандағы мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан игі істерді атап өтті.

Тағы бір ескеретіні балабақша құрылысы түгелдей жеке кәсіпкер Базарбай Өскенбаевтың қаржысына жүргізілді. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 23 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.