Жұмыссыз жастар банк қызметіне тартылып жатыр

153

Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Жастар практикасымен» уақытша жұмысқа орналасқандарды тұрақты жұмыспен қамту жобасы қолға алынды. Аталған жобаға сай жұмыссыз жүрген жамбылдық жастарға «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкінің» облыстық филиалында кеңесші қызметіне орналасу мүмкіндігі беріледі.

Жастар арасындағы жұмыссыздық қашанда болмасын ең өзекті мәселе саналады. Елдің ертеңі деп үміт артылған жастардың екі қолға бір күрек таба алмай жүруі көңілге қаяу түсіреді. Әрі олардың да болашаққа деген сенімі жоғала бастайды. Қарапайым ғана жұмыссыздықтан басталған осы  бір кішкентай мәселе күні ертең күрмеі қиын түйткілге айналып шығуы да ғажап емес. Дәл осы бір олқылыққа жол бермеу мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен ұсынылған жобаның тиімділігі талас тудырмайды. Өз кезегінде бұл жобаға «Жастар практикасымен» жұмыс істеп, 6 айдан кейін қызметсіз қалғандар қатыса алады. Аталмыш қаржы институтында жұмыс істеугениетті жастар банктің облыстық филиалының бөлім басшысы Бердияр Құттыаевтың дәрісінен өтеді.

«Банкке кеңесші» керек деген жарнаманы көзі салып, осында келіп бағын сынап көрген жастардың алды кеңесішілік қызметке кірісіп те кетті. Басқарма жобаның үйлестірушісі халықты жұмыспен қамту орталықтарынан «Жастар практикасымен» жұмысқа келіп, 6 айдан соң қызметсіз қалған жастар жайындағы мәліметтерді алады. Олардың ішінде банк ісіне икемі барлары   Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкінің» облыстық филиалында қызметке қабылданады.

Жұмыссыз жастарды білдей бір банктің қызметкеріне айналдыру жобасын расында жамбылдықтардың жастар жұмыссыздығын жоюдағы нәтижелі қадамына балауға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.