Бақытжан Сағынтаев Шымкент активіне жаңа әкімді таныстырды

647

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Шымкенттің қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Шымкент әкімі лауазымына Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовты тағайындау туралы ұсынысы жазылған Мемлекет басшысының қалалық мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқып берді. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының шешімімен, Астана және Алматы қалаларымен қатар, Шымкент қаласы бір миллионнан астам халқы бар Қазақстан қалаларының қатарына қосылғанын еске салды.

Бүгінгі таңда Шымкент — қарқынды дамып келе жатқан өңір, мұнда ШОБ-ты, туризмді, көлік және логистиканы дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Шымкент бұдан былай Түркістан облысымен қатар үлкен агломерацияға айналып, өңір экономикасын жаңа деңгейге шығаруы тиіс.Таныстыру барысында Премьер-Министр Ғ. Әбдірахымовтың түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы, соның ішінде Шымкент қаласы әкімі қызметіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті. Б. Сағынтаев жаңа әкім Мемлекет басшысының жоғарғы сенімін ақтайтынына сенім білдірді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.