Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

392

Нұрадин Рақай Тараз қаласы әкімінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Нұрадин Аллабергенұлы 1987 жылы туған. Білімі – жоғары. 2004-2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығындағы баспасөз хатшысы болып бастаған. Одан кейінгі әр жылдары «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор, шеф-редактор, республикалық «Асыл арна» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «77» телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
2011-2019 жылдар аралығында республикалық «31» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды. 2019 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.