«Ашық есік» күні өтті

467

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері сотталғандармен ҚР ІІМ 13.08.2014 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту тіралы» №508-бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асырды. Бұл жұмыстардың мақсаты — сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсінікті арттыру, сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында мекемеде жазаларын өтеп жатқан сотталғандардың арасында мәдени, спорттық іс — шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралар әдеттегідей, сотталғандардың сап көрінісімен, ҚР Әнұранын орындауымен, сонымен қатар, мекеме бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасары әділет аға лейтенанты Б.С.Калимбетовтың сотталғандарды және олардың туыстарын мемлекеттік мейрамымен құттықтау сөзімен басталды. Осы күні сотталғандардың туыстары мен ата-аналарына ашық есік күні ұйымдастырылды.
Желтоқсан оқиғасы жөніндегі қысқаша тарихи мағлұматтан кейін сотталғандар дайындаған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертке сотталғандардың туыстары мен ата-аналары қатысты, сотталғандар өз өнерлерін ән айту, көрініс көрсету, домбырамен күй шерту, би билеу арқылы көрсете білді. Концерттен кейін сотталғандардың арасында үздік қабырға газет авторларының туындылары қарастырылды.
Бұдан кейін спорттық іс-шаралар, атап айтқанда үстел теннисі, шашки ойындарынан жарыс, қол күрес, арқан тарту, турник, брусьядан сотталғандардың арасында жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.
Сондай-ақ, сотталғандарға мәдени іс-шара – теледидар көру ұйымдастырлды. Теледидар көру бөлмесінде жиналған сотталғандар жоспарға сәйкес күндерде «Қазақ хандығы», «Елбасы жолы», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Орбұлақ шайқасы» атты көркем патриоттық фильмдерді, сонымен қатар, мемлекеттік арналарда көрсетілген «16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекелік бағдарламаларды тамашалады. Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигізгені анық болды.
Аталған іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандар Ж.Т. Орданов, Д.С.Маткаримов, А.А. Холматов, Т.А.Ахметов, А.Е. Байдыбеков, М.А.Раманованы ерекше атап өтуге болады.

А.А.Урзумбетов
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесі

АКАТЖжӘПБ бастығы6 әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.