«BIRGE» акциясы. Тұрғындар тілегі: шаһардың шет аудандарына газ жеткізу, электр желісін жүргізу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «BIRGE» жалпыұлттық акциясы аясында еліміздің барша тұрғындарына мемлекетіміздің күн тәртібін түзуге мол мүмкіндік жасалды.

456

Кезектен тыс президент сайлауы науқанында ел азаматтарының ұсыныс-тілектерін жинақтау мақсатында қолға алынған акцияда Тараз қаласы бойынша 5 мыңға тарта ұсыныс-тілек түскен. Қазіргі таңда олардың орындалуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы партияның қатаң бақылауында.

Облысы орталығы тұрғындарының жазбаларына сүйене келе, басым көпшілігі қаланың шет аумақтарын газдандыру, электр желісін жеткізу және тұрмысы төмен көпбалалы аналардың жәрдем сұрап қайырылғаны көрініс беруде. Мәселен, Шалғай Қарасу, Арай, Барысхан тұрғын үй алқаптары мен Шөлдала, Құмшағал, Көлтаған шағын аудандарынна газ жүрігізіп, электр тарту мәселесін көтерген. Бұл аумақтарда Тараз қаласы территориясына қосылғанына ұзақ уақыт болмаса да, тұрғындар саны уақыт өте көбейіп келеді. Қазіргі таңда қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті өтінімдер берілген. Барысхан алқабына электр жүргізу жұмыстары аяқталып, алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары басталмақ. Бұл шаруаларды шешу үшін қала әкімдігінің құрылыс бөлімі тиісті шараларды атқарады. Ал уақытылы әрі сапалы орындалуы «Nur Otan» партиясының бақылауында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.